Categories Спорт

Қытайдағы Азия чемпионатында жеңіл атлеттеріміз алтын алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қытайда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Шаосин қаласында өткен жарыста қазақстандық спортшылар 4×400 метрлік аралас эстафетада жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс қашықтықты 3:16.75 нәтижесімен аяқтады.

Екінші орынды Үндістан құрамасы иеленіп, 3:17.06 уақыт көрсетті. Ал Қытай құрамасы 3:17.20 нәтижесімен үшінші орынға тұрақтады.

Азия чемпионаты 21 маусымда аяқталады. Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафеталарда да бақ сынайды.

Ұқсас жазбалар

Дмитрий Патанин Азия чемпионатында сегізінші орын алды

Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатында Дмитрий Патанин еркін жаттығулар бойынша сегізінші орын алды.

Назым Қызайбай Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде финалға жолдама алды.

Парагвайдан жеңілген Түркия плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды

Парагвай құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Түркияны 1:0 есебімен жеңді. Матиас Галарса жалғыз голды соқты.