Қазақстанның 16 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды

Сурет: Kazinform

«Қазгидромет» РМК 10 маусымға күн райына қатысты ескерту шығарды. Елдің 16 өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел және аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Өрт қаупі жоғары.

Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шымкентте де өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қала аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу және Павлодар облыстарында күн қатты ысиды. Кей өңірлерде ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін.

Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің күшеюі болжанып отыр.

Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады.

Қызылорда мен Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Маңғыстау облысының батысы мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Синоптиктердің мәліметінше, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Алматы, Түркістан, Қызылорда және басқа да бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Мамандар тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Ұқсас жазбалар

Қытайлық инвесторлар БҚО-да жаңа зауыттар мен электр стансаларын салады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып, Ляонин…

Мемлекет басшысы «Digital Qazaqstan» стратегиясын бекітті

Мемлекет басшысы «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Құжаттың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазақстанда балалар қандай бағыттарға тегін ұша алады?

Қазақстанда балалардың ішкі туризмін дамытуға арналған Kids Go Free бағдарламасы жұмыс істейді. Оның аясында балаларға…