Categories Көңіл ашар

Отандық фильмдер прокатқа шығар алдында сараптамадан өтеді

Сурет: istockphoto.com

Енді отандық фильмдер прокатқа шығарылмас бұрын арнайы сараптамадан өткізіледі. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа талаптар 12 маусымнан бастап күшіне енеді. Ережеге сәйкес, прокат куәлігін алу үшін фильмнің құқық иелері уәкілетті органға кинотеатрға шығатын нұсқасын ұсынуы тиіс.

Сараптама барысында фильм мазмұнында педофилия элементтері, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен қатыгездікті дәріптеу белгілері бар-жоғы қаралады.

Ұқсас жазбалар

Астаналық гимнаст Испанияда екі қола медаль жеңіп алды

Астаналық гимнаст Ақмарал Ерекешева Испаниядағы клубтық чемпионатта екі қола медаль жеңіп алды.

«Қайсар» сапында ойнаған Бен Загре 27 жасында қайтыс болды

Буркина-Фасо құрамасының қорғаушысы Бен Загре 27 жасында дүниеден озды. Өткен жылы оған онкологиялық ауру диагнозы…

Астанадағы балалар кітапханасында экологиялық сағат өтті

Астанадағы №7 балалар кітапханасында мектепке дейінгі балаларға арналған «Экология – табиғат жүрегі» атты ақпараттық сағат…