Сурет: Астана қаласының әкімдігі
Астанадағы №7 балалар кітапханасында мектепке дейінгі балаларға арналған «Экология – табиғат жүрегі» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға жеке балабақша тәрбиеленушілері қатысты. Олар кітапхана қызметкерлерімен бірге экология тақырыбында танымдық жұмыстар жүргізді. Балалар тақырыптық кітаптармен танысып, сурет салып, түрлі ойындар ойнады.
Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, ақпараттық сағат барысында бүлдіршіндер табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану туралы мәлімет алды.
«Біздің мақсатымыз – балалардың бойында ерте жастан бастап табиғатқа жанашырлық пен экологиялық жауапкершілік сезімін қалыптастыру», деді кітапхана қызметкері Кенжегүл Әбдікәрімова.
Оның сөзінше, мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген құрметін арттырып, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізбек.

