Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының президенті Никос Христодулидиспен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту мәселелері қаралды. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді.
Президенттер инвестициялық жобалар мен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге ерекше назар аударды. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды үйлестіру мәселелері талқыланды.

