Сурет: Egemen Qazaqstan
Биылғы жылдың басынан бері Қазақстандағы ақылы жолдарда мемлекеттік нөмірді жасыру немесе жалған нөмір қолданудың 2 мыңға жуық дерегі тіркелді. Енді мұндай бұзушылықтар үшін жаза қатаңдатылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, көптеген жүргізуші ақылы жолдардағы камералардан жасырыну үшін нөмірлерін әдейі жауып немесе бұрмалап алады. Бұл әректері үшін оларға әкімшілік айыппұл салынады.
«Мемлекеттік нөмірді жасыру – заңға қарсы әрекет. Біз бұл бағыттағы жұмысты күшейттік. Анықталған әрбір факті бойынша хаттама толтырылады», – деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.
Мамандардың сөзінше, мұндай бұзушылықтарды анықтау үшін арнайы техникалық құралдар қолданылады. Камералар нөмірдің жабық немесе жалған екенін автоматты түрде таниды.
Айыппұл мөлшері әкімшілік кодекске сәйкес 10-нан 30 АЕК-ке дейін жетеді. Қайталанған жағдайда жауапкершілік одан әрі қатаңдайды.

