Сурет: logistan.info
Еуропаның ірі жүк тасымалдаушысы – Люксембургтің Cargolux Airlines International компаниясы 1 маусымнан бастап Қазақстан арқылы транзиттік рейстерін қайта жандандырады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Компания бастапқыда аптасына бір рейс орындайды. Жүк тасымалы Люксембург – Баку – Ақтау – Люксембург бағыты бойынша жүзеге асырылады.
Бұл шешім Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға және Еуропа мен Азия арасындағы логистикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

