Сурет: Aikyn.kz
Астанада Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі кездесу өтті. Екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірлескен жобаларды талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар өзара сауда айналымын $10 миллиардқа жеткізуді мақсат етіп отыр. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш $4 миллиардтан асқан. Президенттер өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.
«Біздің ортақ міндетіміз – тауар айналымын екі есеге ұлғайту. Ол үшін кедергілерді жою және жаңа бағыттарды дамыту қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесуде су ресурстарын бірлесіп пайдалану және Орталық Азиядағы экологиялық мәселелер де қозғалды. Екі елдің мамандары бірлескен жұмыс тобын құрып, нақты жобаларды әзірлейтін болды.

