Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Зайсан ауданында жаңа әуежайдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта нысан 75 пайызға аяқталған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құрылыс алаңында 300-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімдігінің мәліметінше, жұмыс кесте бойынша жүріп, нысанды биыл аяқтау жоспарланған.
Жаңа әуежай Зайсан ауданының инфрақұрылымын жақсартып, туризм мен экономиканы дамытуға серпін береді. Жергілікті тұрғындар аспан қақпасының ашылуын асыға күтіп отыр.

