Сурет: Aikyn.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақта жасанды интеллект технологиясын енгізу бойынша бірқатар ұсыныс айтты. Оның пікірінше, цифрлық қолтаңбаны өзара тану бизнес шығындарын азайтып, сауданы арттырады.
Президент бұл бастамалар Одақ елдерінің экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті. Сонымен қатар, ол цифрландыру мен инновацияларды дамытудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану бизнес шығындарын айтарлықтай азайтып, ЕАЭО кеңістігіндегі алыс-берісті арттыруға көмектеседі», — деді Тоқаев.
Бұл ұсыныстар Одақтың цифрлық трансформациясын жеделдетіп, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасамақ. Енді ЕАЭО елдерінің мамандары бұл бастамаларды іске асыру жолдарын пысықтайтын болады.

