Categories Ақорда

Бектенов: 1 маусымға дейін барлық жағажайлар мен бассейндерді тексеріңдер

Сурет: Ашық дереккөз

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, 1 маусымға дейін барлық су айдындарын, жағажайлар мен бассейндерді тексеруді тапсырды. Бұл – жаз маусымына дайындық аясындағы қауіпсіздік шараларының бірі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бектеновтің айтуынша, биыл суға бату оқиғаларын азайту үшін алдын алу жұмыстарын күшейту қажет. Өткен жылы елімізде 400-ден астам адам суға кеткен, оның ішінде 70-ке жуық бала бар.

«Әрбір жағажайда құтқарушылар кезекшілік етуі керек. Бассейндер мен демалыс орындарында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қатаң бақылаңыздар», – деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы сондай-ақ жергілікті әкімдіктерге рұқсатсыз жағажайларды жауып, халыққа қауіпсіз демалыс аймақтарын ұсынуды тапсырды. Тексеру нәтижелері бойынша 1 маусымға дейін есеп беру қажет.

Ұқсас жазбалар

Көкжайлау жерлері ұлттық парктен шығарылмайды: министр мәлімдеді

Көкжайлау жерлері ұлттық парк құрамынан шығарылмайды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі…

Үш апта бойы әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақтанды: Үкімет не істеді?

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары үш аптадан бері тұрақтанды. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұл…

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалуға 9 арнайы орын бөлінді

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалуға арналған 9 арнайы орын белгіленді. Мереке 27-29 мамыр аралығында өтеді.