Президент Павлодар облысының әкімімен өңір дамуын талқылады

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын тыңдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде былтырғы жыл мен 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштерге тоқталды. Әкім өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым саласындағы жетістіктерді баяндады.

«Біз жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту бойынша жоспарды орындадық. Ендігі мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру», – деді Байханов.

Президент өңірдің даму қарқынына оң баға беріп, алдағы міндеттерді нақтылады. Әсіресе, әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жол жөндеу жұмыстарына ерекше назар аударуды тапсырды.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Қызылордаға жаңа театр мен кітапхана салуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімін қабылдап, жаңа драма театры мен заманауи кітапхана салуды тапсырды.

Әділ Құсманов стратегиялық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасары болды

Әділ Құсманов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Президент: Өнерпаздарға берілетін мемлекеттік стипендия екі есеге артады

Мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде Президент ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген өнерпаздарға берілетін…