Categories Жайық news

БҚО тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша көшбасшы өңірлер қатарына кірді  

2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 776,5 млн АҚШ долларын құрап, жоспар 45,7 пайызға асыра орындалды. Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында айтылды. Президент тапсырмасына сәйкес аймақ басшысының жетекшілік етуімен батысқазақстандық делегация алыс-жақын шетелдерге шығып, инвесторлармен жан-жақты келіссөздер жүргізді. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыс ТШИ тарту көлемі жағынан республика бойынша 4-орынға көтерілді.

Аймақ басшысы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру жұмыстарын жүйелі жалғастырып, экономиканы әртараптандырудың маңызына тоқталды.

— Биылғы 4 айда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 182,6 млрд теңгені құрап, 2025 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 17 пайызға артты. Көрсеткіштерді одан әрі жақсартуға әлеует жетеді. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібін дамытудың маңызы жоғары. Жергілікті әкімдіктер инвестиция тарту ісінде белсенділікті арттыруға тиіс, — деді Нариман Төреғалиев.

Өңірлік штаб отырысында Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізу үшін 5 жоба ұсынылды. Атап айтқанда, жобалық қуаты жылына 180 мың тонна болатын керосин өндірісі қолға алынады. Биыл сұйық азот өндіру зауытын жаңғырту да жоспарлап отыр. Сондай-ақ қалдықтарды жою және қайта өңдеу бойынша өндірістік база салынбақ. Аталған 3 жоба Бөрлі ауданында жүзеге асырылады.

Инвесторлардың бірі Қазталов ауданында жаңбырлатқыш машиналармен суармалы алқапқа су алу және беру үшін инфрақұрылым салғысы келеді. Жобалық қуаты жылына 52,5 мың центнер болатын нысанды осы жылы іске қосу жоспарланған. Ал, Орал қаласында агротуризм және ауыл шаруашылығы кластері дамиды. 7 млрд теңгенің жобасы аясында тұрақты және маусымдық жұмыс орындарын қоса есептегенде 600 адам еңбекпен қамтылады.

Штаб мүшелері мен инвесторлар барлық бастаманың маңызы мен жүзеге асыру тетіктерін жан-жақты пысықталды. Облыс әкімі салалық басқарма басшыларына, Орал қаласы мен аудан әкімдеріне жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу бойынша жүйелі жұмыстануды тапсырды.

 

Ұқсас жазбалар

Оралда №18а кәріз-сорғы стансасы іске қосылды   

Өңірде инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі Президент тапсырмалары жүйелі орындалып келеді. Кейінгі 3 жылда су бұру…

Посетил ветеринарные и фитосанитарные контрольные пункты «Сырым» и «Чаган»

Заместитель акима области Калияр Айтмухамбетов посетил ветеринарные и фитосанитарные контрольные пункты «Сырым» и «Чаган», расположенные…

19 мамырда Батыс Қазақстанда ауа райы құбылмалы: жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі

19 мамырда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал басқа аймақтарда шаңды дауыл…