Израиль мен Ливаннан қазақтарды эвакуациялауға 4 млн доллар кетті

Қазақстан Таяу Шығыстағы отандастарын эвакуациялауға шамамен 4 миллион доллар жұмсады. Бұл қаржыға Израиль мен Ливаннан 500-ге жуық азамат елге қайтарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтегі брифингте Төтенше жағдайлар министрі Нұрлан Сауранбаев эвакуация шығынын нақты атады. Оның айтуынша, бұл сомаға ұшақ жалдау, жанармай және басқа да шығындар кіреді.

«Эвакуациялауға кеткен шығын – шамамен 4 миллион доллар. Біз бұл жұмысты уақытылы және тиімді жүргіздік», – деді министр.

Қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы қазақстандықтардың қауіпсіздігі бақылауда. Егер жағдай ушығатын болса, қосымша эвакуация шаралары қарастырылады.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев ЮНЕСКО-ның бұрынғы басшысын «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Одрэ Азулені ЮНЕСКО-дағы еңбегі үшін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады.

Президент: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды

Президент елордадағы симпозиумда Қожа Ахмет Ясауи хикметтері Ұлы даланың мәдени коды екенін атап өтті.

Қонаевта ММА бапкері жасөспірім қыздарды жыныстық қудалаған: төрт құрбан үндеу тастады

Қонаевта кәмелетке толмаған спортшы қыздар ММА жаттықтырушысын жыныстық қудалау үшін жауапқа тартуды талап етіп, бейнеүндеу…