Categories Жайық news

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды. Биыл өңір аумағында аталған күре жолды орташа жөндеу бойынша 3 жоба жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй бастаған құзырлы құрылым басшылары және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚОФ директоры Асылбек Марданов мердігерлермен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарға зер салды.

«Атырау–Орал» автожолының 189–249 шақырым учаскесін орташа жөндеу жұмыстарын «Айдана» ЖШС жүргізуде. Жоба құны 8,5 млрд теңгеге жуықтайды. Мұнда 20 шақырым жол ресайклинг әдісімен ретке келтіріледі. Кейін 60 шақырым жолдың төменгі қабатына ірі түйіршікті, ал жоғарғы қабатына ұсақ түйіршікті асфальтбетон төселеді. Учаскеде 4 аялдама павильоны орнатылады.

«Атырау–Орал» автожолының 372–432 шақырым және 432–492 шақырым учаскелерін орташа жөндеу бойынша қос жобаны «ДСК Приоритет» ЖШС жүзеге асыруда. Мұнда ескі жолдың 29 шақырым бөлігі ресайклинг әдісімен қайта өңделеді. 120 шақырым жол қабаттарына ірі және ұсақ түйіршікті асфальтбетон төселеді. 18 аялдама павильоны орнатылады.

Биыл республикалық маңызы бар «Чапаев–Жалпақтал–Казталовка–РФ шекарасы» автожолының 0–17 шақырым учаскесі де жөнделіп жатыр. 2,7 млрд теңгенің жобасын «ТОБИ» ЖШС жүзеге асырады. 16,5 шақырым жолға ресайклинг жасалады. Учаскеге ірі түйіршікті және беріктігі жоғары арнайы асфальтбетон төселіп, 1 автоматты өлшеу жүйесі орнатылады.

«ТОБИ» компаниясы «Ақтөбе–Орал–РФ шекарасы» автожолының 369–408 шақырым учаскесін де жөндеп жатыр. Мұнда 26 шақырым жол ресайклинг әдісімен қайта өңделеді. 39 шақырымға беріктігі жоғары асфальтбетон төселіп, Шідерті мен Өлеңті өзендеріндегі көпірлердің деформациялық жіктері ауыстырылады. Учаскеде 4 аялдама павильоны орнатылады.

Аталған 5 жобаның нәтижесінде жалпы ұзындығы 236 шақырым күре жолдар орташа жөндеуден өтеді. Барлық нысанда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, белгілерді жаңарту, заманауи аялдамалар орнату және жол жиектерін нығайту сияқты кешенді іс-шаралар қарастырылған. Облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй мердігерлерге жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

Оралда әйел жеке суреттерді таратпау үшін ер адамнан 500 мың теңге бопсалаған

Оралда 31 жастағы әйел ер адамнан жеке суреттерін таратпау үшін 500 мың теңге бопсалаған. Ол…