Categories Саясат

Блогерлерге ескерту: жасырын саяси жарнама үшін жауапқа тартыласыз

Енді блогерлер жасырын саяси жарнама жүргізсе, заң алдында жауап береді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, егер блогер кандидатпен немесе партиямен ақылы келісімшарт жасасып, оны жасырса, бұл заң бұзушылық саналады.

«Қоғамдық пікірге әсер ету үшін арнайы ақы төленіп, жарнама жасалса, бірақ бұл туралы ешкім білмесе, онда блогер жауапқа тартылады», – деді ол.

Комиссия өкілдері бұл талаптың әлеуметтік желідегі белсенділерге де қатысты екенін атап өтті. Егер блогердің парақшасы арқылы жасырын үгіт жүргізілсе, ол да заң алдында жауап береді.

Бұл шара сайлау алдындағы үгіттің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету үшін қабылданып отыр. ОСК мамандары блогерлерді заң талаптарымен танысуға шақырды.

Ұқсас жазбалар

Парламент палаталары 15 мамырда бірлескен отырыс өткізеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын 15 мамырға шақырды.

Қазақстанда үш жаңа орден енгізіледі: Мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Парламент Мәжілісі үш жаңа орден енгізу туралы заң түзетулерін қабылдады. Жаңа наградалар ерекше еңбек еткен…

Радиоактивті қалдықтарды басқару: Қазақстанда жаңа ұлттық оператор пайда болады

Мәжіліс радиоактивті қалдықтарды басқару заң жобасын мақұлдады. Жаңа ұлттық оператор институты құрылып, саладағы бақылау күшейеді.