Categories Спорт

«Астана» футбол клубының бас директоры Қайсар Бекенов қызметінен кетті

Сурет: Sports.kz

«Астана» футбол клубының бас директоры Қайсар Бекенов отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, ұжым Бекеновке кәсібилігі, ісіне адалдығы және клуб дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірген. Оған отбасына амандық, бақ-береке және жаңа бастамаларына табыс тілеген.

Қайсар Бекенов клубта 2013-2019 жылдары басшылық қызметтер атқарған. 2024 жылы клубқа қайта оралып, 2025 жылы бас директор болып тағайындалған еді.

Ұқсас жазбалар

АҚШ құрамасы Парагвайды 4:1 есебімен жеңді

Әлем чемпионатының D тобындағы алғашқы матчта АҚШ құрамасы Парагвайды 4:1 есебімен ұтты.

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 111-орында тұр

ФИФА рейтингінде Қазақстан құрамасы 111-орында. Маусымда Армениямен тең ойнап, Мажарстаннан ұтылды. Чемпиондар лигасында ПСЖ жеңді.

Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті

Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы әлем чемпионатының В тобындағы алғашқы ойында тең түсті.