Categories Спорт

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Қайрат» клубы сапында соңғы ойындарын өткізеді. Ол лондондық «Челсиге» ауысар алдында «Атырау» мен «Қызылжарға» қарсы матчтарға қатысады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қайрат» өз алаңында «Атыраумен» 13 маусым күні сағат 18:00-де, ал «Қызылжармен» 17 маусым күні сағат 19:00-де кездеседі. Клубтың мәліметінше, 17 маусымдағы матчтан кейін Алматыдағы Орталық стадионда Сәтпаевқа арналған қоштасу рәсімі өтеді.

«Он жыл бұрын Дастан «Қайрат» Академиясына арманымен, өзіне деген сеніммен, футболға деген сүйіспеншілігімен келген еді. Осы уақыт ішінде ол негізгі команданың көшбасшыларының біріне, клуб рекордсменіне, қазіргі құрамның ең нәтижелі ойыншысына, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды. Енді оның сары-қаралар сапындағы жолы өз мәресіне жақындады», делінген клуб хабарламасында.

Еске сала кетейік, алдағы маусымда Сәтпаев мансабын лондондық «Челсиде» жалғастырады. Жаңа маусымда «Челсиді» Хаби Алонсо баптайды.

Ұқсас жазбалар

Франция әлем чемпионатында Швецияны 3:0 есебімен жеңді

Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Швецияны 3:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама…

Прагада дзюдодан Еуропа кубогінде қазақстандықтар жүлдегер атанды

Прагада дзюдодан Еуропа кубогінде Шерзод Давлатов чемпион, Нұрәділ Әлжан қола жүлдегер атанды. Ғалымжан Қырықбай финалда…

Футболдан ӘЧ-2026: Эрлинг Холандтың голы Норвегияны 1/8 финалға алып шықты

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Норвегия құрамасы Кот-д’Ивуарды жеңіп, 1/8 финалға жолдама…