Ақжайық өңірінде «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі өтті

Ақжайық өңірінде дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Аталған шара биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.

Облыс бойынша байқауға 100-ден астам өтінім түскен. Іріктеу нәтижесінде Орал қаласы мен 12 ауданнан 21 отбасы облыстық кезеңге жолдама алып, өнегелі дәстүр мен берекелі шаңырақтың үлгісін көрсетті.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев байқау қатысушыларын құттықтап, отбасы құндылықтарын дәріптеудің қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Қайыржан Ермекұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының «Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды» деген сөзін тілге тиек етіп, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және отбасылық құндылықтарды нығайтуда маңызы ерекше екендігіне тоқталды.

Байқауда белсенділік танытқан барлық отбасылар отбасылар алғысхаттармен марапатталды.

Жеңімпаз атанған Сүйінғараевтар отбасын 88 жастағы ақсақал Мұратбай Ықыласұлы бастап келді.

— Осыншама жасқа келгенде, мерейімізді асырған іс-шара болды. Біз 10 бала тәрбиелеп өсірдік, 20 немере-жиен, 20 шөбереміз бар. Ержеткендерінің бәрінің жоғары білімі бар, тіпті кейбіреулері қос мамандықты меңгерген. Қазақстандағы миллиондаған отбасының біріміз. Менің айтарым, жастар кешірімді болуы керек. Бірінің айтқанын екіншісі тыңдауы қажет. «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деген, егер татулық орнамаса, ол отбасы ұзаққа бармайды. Отбасы бақытты болса, ел де бақытты болады. Еліміздің береке-бірлігі арта берсін, — деді Мұратбай қария.

Конкурс қорытындысында үздік танылған осы отбасы республикалық кезеңге жолдама алды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Ұқсас жазбалар

20 мамырда бірнеше өңірде дауыл, жаңбыр және найзағай күтіледі

20 мамырда Қазақстанның бірнеше өңірінде жел күшейіп, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Синоптиктер халықты сақ болуға…

20 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: жауын, бұршақ және қатты жел күтіледі

20 мамырда Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын, найзағай және бұршақ күтіледі. Солтүстік пен оңтүстікте жел күшейеді.

Алматы әуежайының шатыры нөсерге шыдамады: Министр не деді?

Алматы әуежайының шатыры нөсерге шыдамай, су ішке кірді. Министр Нұрлан Сауранбаев себебін айтып, жөндеу жұмыстары…