Categories Жайық news

Айнұр Жүгінісова: “Рүстемді имамдардың өзі көре алмай, аяқтан шалды”

Белгілі актриса Айнұр Жүгінісова ұлы Рүстем Жүгінісов пен блогер Эммануэлла Наурызбаева арасындағы дауға қатысты пікірін айтты. Ол бұл туралы журналист Гүлжанат Пірімбетоваға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz Kyn.kz-ке сілтеме жасап.

Жүгінісованың сөзінше, Рүстемнің айтқаны дұрыс болғанымен, қоғам оның жастығына байланысты қатал сынға алған.
“Рүстемді жұрттың қабылдамау себебі бар. Ол қыздарға кешке ағасы не әкесінің қадағалауынсыз шықпауға кеңес берді. Бұл – дұрыс ақыл. Бірақ, оның жас екенін, өмір тәжірибесінің аз екенін айтып, жұрт оны түсінбей сынады”, – деді актриса.

Ол сонымен қатар блогер Эммануэлланың әрекетін сынға алып, оның “хайп қуғанын” айтты.
“Дұрыс адам мешіттің ерлер кіретін жағында несі бар? Ол қыз өзіне назар аударту үшін бәрін дабыра қылып отыр. Күнде бір видео, күнде жылау. Бұл – хайп. Қаралықты өзіне магнит сияқты тартып тұр. Ертең сондай ер адамға жолығуы да мүмкін”, – деді Айнұр Жүгінісова.

Актриса пікірін “Рүстемді имамдардың өзі көре алмай, аяқтан шалды” деп түйіндеп, қоғамның әділ бағасын бермегеніне өкініш білдірді.

Сурет: Күн.кз

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы өздеріне жүктелген…

ОБЛЫС ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЖӘНЕ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕЛШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич бастап келген мәртебелі меймандармен кездесті.…