Categories Жайық news

НАТО ыдырау алдында ма? Франция АҚШ-қа наразы болып, альянстан шығуды ұсынды

Франция АҚШ-тың саясатына наразылық ретінде НАТО құрамынан шығу мәселесін көтерді. Тиісті резолюцияны елдің Ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Клеманс Гетте ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Депутат бұл бастамасын X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Ол Францияның АҚШ жетекшілік ететін әскери одаққа мүшелігінің тиімділігіне күмән келтірген.

«Соңғы кездері Францияның АҚШ-тың ықпалындағы және соның мүддесіне жұмыс істейтін НАТО-ға мүше болуының қаншалықты қажет екені жиі талқылана бастады. Мен альянстан кезең-кезеңмен шығуды, алдымен оның біріккен қолбасшылық құрамынан кетуді қарастыратын резолюция ұсындым», — деп жазды Клеманс Гетте.

Ол бұл қадамға баруына Вашингтонның соңғы әрекеттері түрткі болғанын атап өтті. Атап айтқанда, АҚШ-тың Венесуэла президенті Николас Мадуроны тұтқындауға ұмтылуы, Данияға тиесілі Гренландия аралына аумақтық талап қоюы және Палестинадағы жағдайға әскери тұрғыдан араласуы Францияның наразылығын тудырған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Маңғыстау мен Атырау облыстары автогазбен толық қамтылған – Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі Маңғыстау және Атырау облыстарында автогаз жеткізу тұрақты және қажеттіліктен жоғары екенін мәлімдеді.

28 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталады

28 маусымда Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде найзағайлы жаңбыр күтіледі, оңтүстікте аптап ыстық сақталады.

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…