Categories Жайық news

Ертіс ауылындағы өрт: Ауруханаға жеткізілген екі бала көз жұмды

Павлодар облысы Ертіс ауылындағы жеке тұрғын үйден шыққан өрттен кейін ауруханаға жеткізілген екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама таңғы сағат 8:33-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минут ішінде жеткен. Олар келгенде үй толығымен отқа оранып, жиһаздар, үй заттары мен шатыры жанып жатқан.

«Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан бастап зардап шеккендерді іздеуге кірісті. Кәмелетке толмаған үш баланы құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Тағы бір баланы өрт сөндірушілер келгенге дейін үйден алып шыққан. Өкінішке қарай, кәмелетке толмаған екі бала ауруханада көз жұмды», – деп хабарлады департамент.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…