Сурет: Ақорда
Енді 29 мамыр Еуразиялық экономикалық одақ күні болып ресми түрде бекітілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің төрағалығымен өткен жиында Одақтың даму басымдықтары талқыланды. Енді бұл күн барлық мүше елдерде атап өтіледі.
«Біз бірлескен экономикалық кеңістікті нығайту үшін жұмыс істейміз. 29 мамыр – осы мақсаттың символы», – деді Мемлекет басшысы.
Жаңа мәртебе Одақтың халықаралық беделін арттырып, интеграциялық үдерістерге серпін береді деп күтілуде.

