Categories Әлем

Италиядағы Гарда көлі аптап ыстықтан миллиардтаған литр су жоғалтты

Сурет: ашық дереккөз

Италиядағы ірі көлдердің бірі Гардада су деңгейі күрт төмендеді. Маусым айының соңғы аптасында ғана су көлемі 10 сантиметрге азайған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елдің солтүстігіндегі танымал туристік аймақта ауа температурасы 37 градусқа дейін көтерілген. Синоптиктердің болжамынша, аптап ыстық әлі де жалғасуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, жоғары температура су булануын едәуір арттырған. Климатолог Карстен Брандттың мәліметінше, ыстық күндері су бетінің әр шаршы метрінен 6-7 литрге дейін су буланып кетеді. Гарда көлінің аумағын ескергенде, атмосфераға көтерілетін су көлемі өте ауқымды.

Италиялық БАҚ дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта көл тәулігіне шамамен 7,4 миллиард литр су жоғалтады. Бұған булану ғана емес, көлге құятын судың азаюы және ауыл шаруашылығы үшін судың көбірек алынуы да әсер етіп отыр.

Сарапшылар жаз мезгілінде Гарда көліндегі су деңгейінің төмендеуі қалыпты құбылыс екенін айтады. 2023 жылдың көктемінде көл суы өте төмен деңгейге түсіп, Сан-Бьяджо аралына жаяу жетуге мүмкіндік туған болатын.

Тарихи ең төменгі көрсеткіш 2007 жылдың қыркүйегінде тіркелген. Дегенмен мамандар биылғы жағдайдың әзірге қауіпті деңгейге жетпегенін атап өтеді.

Гарда көліндегі ахуал Еуропадағы климаттық өзгерістер мен аптап ыстықтың ірі су айдындарына да әсер етіп жатқанын көрсетеді. Экологтар мұндай үрдіс туризмге, ауыл шаруашылығына және өңірдің экожүйесіне ұзақ мерзімді қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…