Categories Жайық news

Атырау әкімдігі имам Арман Исаевқа құрмет көрсетті

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин Иманғали орталық мешітінің наиб имамы Арман Әбілбекұлын қабылдап, жаңа қызметіне табыс тіледі.

Арман Исаев Астана қаласына аттануына байланысты, әкімдік ұжымы тарапынан жылы қошемет көрсетіліп, оның қаладағы дәстүрлі діни бағыттағы еңбегі мен қоғамға қосқан үлесіне ризашылық білдірілді.

Шәкір Кейкин имамға арнайы Алғыс хат табыстап, ел бірлігін нығайту мен жастарды имандылық пен ізгілікке тәрбиелеудегі еңбегін атап өтті.

– Қоғамның тұтастығы мен жастардың тәрбиесінде діннің орны айрықша. Арман Әбілбекұлы қаламызда осы бағытта үлкен еңбек сіңірді. Қай өңірде қызмет атқарсаңыз да, ел бірлігі мен тұрақтылығы жолында абыройлы еңбек ететініңізге сенеміз, – деді қала әкімі.

сурет: Атырау қаласы әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…