Categories Спорт

ҚФФ Талғат Байсуфиновтың кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Сурет: kff_team

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Федерация мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ҚФФ Талғат Байсуфиновқа толық сенім білдіріп, оның кәсіби біліктілігін, ұлттық құраманы дамыту жолындағы еңбегін және команданы алдағы жарыстарға дайындау жұмыстарын жоғары бағалайды.

Сондай-ақ федерация БАҚ өкілдерін, блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми дереккөздерге сүйенуге және расталмаған ақпарат таратпауға шақырды.

ҚФФ кадрлық өзгерістерге қатысты барлық ресми ақпарат федерацияның ресми ресурстарында ғана жарияланатынын атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан құрамасы Мажарстаннан 1:3 есебімен жеңілді

Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Мажарстан командасынан 1:3 есебімен жеңіліс тапты.

Жүзуден Қазақстан құрамасы АҚШ-та төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тың Фуллертон қаласында өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды.

Головкиннің World Boxing басшысы болуы – үлкен жетістік, дейді министр

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Геннадий Головкинді Қазақстанның бренді деп атады.