Categories Жайық news

Тереңдігі 600 метр шахтада қайғылы оқиға: Бестөбеде заңсыз алтын іздеген ер адам мерт болды

Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде орналасқан шахтаға заңсыз кірген ер адам қаза тапты. Оның денесі 600 метрден астам тереңдіктен шығарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға «Қазақалтын» компаниясына тиесілі «Новая» шахтасында болған. Кеше кешке марқұмның денесі жер бетіне шығарылды.

Полицияның мәліметінше, марқұм – 1991 жылы туған, Степногорск қаласының жұмыссыз тұрғыны. Алдын ала тергеу барысында оның шахта аумағына заңсыз кіргені анықталды.

«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 269-1 бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, күзетілетін аумаққа құқыққа сыйымсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…

Арал-Сырдария инспекциясы «Таза су айдындары» акциясының қорытындысын шығарды

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы аймақта өткен «Таза су айдындары» және «Уылдырық-2026» акцияларының нәтижелерін…