Categories Жайық news

СҚО-да бес жасар қыз тірідей жанып кетті: Анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Солтүстік Қазақстан облысында бес жасар қыз өртеніп кеткен үйден өлі табылды. Қайғылы оқиғаға байланысты оның анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жантүршігерлік оқиға 18 қаңтарда Ольшанка ауылында болған. Жеке тұрғын үйде шыққан өртті сөндіру кезінде құтқарушылар кәмелетке толмаған баланың денесін тапқан.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қыздың анасына қатысты Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі, яғни «Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау» бойынша іс қозғалды.

«Аталған баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, ересектер пеш жағып, бес жасар қызын үйде жалғыз қалдырып, есікті сыртынан құлыптап, қонаққа кеткен.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қаңтардағы ҰБТ: 65 талапкер ереже бұзып, тест нәтижесінен айырылды

Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ кезінде ереже бұзған 65 талапкердің тест нәтижесі жойылды. 100-ден астам түлек сынаққа…

Тоқаев Үндістанның жетістіктерін атап өтіп, премьер-министр Модиді құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Республика күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады.

Ғалым Тен: Қазақ тілінің «қиындығы» – бюджетті игеру үшін жасалған миф

Ғалым Владислав Теннің айтуынша, қазақ тілінің «қиын» деген мифі оқушылардың үлгерімін ақтап, бюджет ақшасын шексіз…