Categories Әлем

Душанбеде балаларға арналған 35 мыңнан астам жалған дәрі тәркіленді

Сурет: Видеодан алынған кадр

Тәжікстан астанасы Душанбеде жалған дәрі-дәрмек өндіретін жасырын цех анықталды. Қалалық Ішкі істер басқармасының мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ сапасыз және қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін дәрілерді өндіріп, таратқан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның хабарлауынша, санитарлық талаптар сақталмай, сапа стандарттары өрескел бұзыла отырып, «Нурофен», «Амбробене Экстра», «Парацетамол», «Амброксол», «Лазолван», «Терафлю-М» және басқа да препараттардың ұнтақтары мен шәрбаттары дайындалған. Бұл дәрілер негізінен балаларды емдеуге арналған.

Арнайы операция барысында 35,9 мың құты шәрбат, 405 мыңнан астам қаптама, нұсқаулық пен заттаңба, 600 келіден астам шикізат және дәрі өндіруге арналған 10 бірлік құрал-жабдық тәркіленді. Ішкі істер басқармасының мәлімдеуінше, қылмыстық топ мүшелерін ұстау азаматтардың, әсіресе балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауға мүмкіндік берді.

Аталған факті бойынша Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жазбалар

Германияда аурухана өрті: екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды

Германиядағы аурухана өртінен екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды. Өрт радиология бөлімшесінің шатырында…

Қырғызстанның экс-қауіпсіздік басшысы 4 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев 4 жылға сотталды, бірақ пробациялық бақылауға байланысты түрмеде отырмайды.

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…