Categories Спорт

ӘЧ-2026: Парагвай пенальтиде Германияны жеңіп, 1/8 финалға шықты

Сурет: fifa.com

Парагвай құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Германияны пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы «Джилетт» стадионында өткен матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 42-минутта Хулио Энсисо Парагвайды алға шығарса, 54-минутта Кай Хаверц Флориан Вирцтің пасынан баспен соққы жасап, есепті теңестірді.

Қосымша уақытта Германия 102-минутта Джонатан Та бұрыштамадан кейін гол соққанымен, VAR жүйесі қақпашыға қарсы ереже бұзылғанын анықтап, гол есепке алынбады.

Овертаймда жеңімпаз анықталмаған соң, матч тағдыры пенальтилер сериясында шешілді. Онда Парагвай 4:3 есебімен басым түсіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Енді Парагвай 1/8 финалда Франция мен Швеция арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Ұқсас жазбалар

Әлем чемпионаты: бүгін 1/16 финалдағы соңғы үш жолдама сарапқа салынады

Футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалындағы соңғы үш кездесу өтеді. Осы ойындардың нәтижесінде 1/8 финалдың толық…

Жәнібек Әлімханұлы үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болуға дайындалуда

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде алдағы жекпе-жектерге дайындығын көрсетті.

Унаи Симон әлем чемпионатында 519 минут гол жібермей рекорд жаңартты

Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симон әлем чемпионаттары тарихында ең ұзақ уақыт гол жібермеген голкипер атанды.