БҚО-да «Тойбастар — 2025» этнофестивалі биыл халықаралық деңгейде өтті

Алғашында облыстық, кейін республикалық деңгейде үш жыл қатарынан ұйымдастырылған фестиваль осы жылы Ресей Федерациясының Самара, Саратов және Орынбор қалаларынан келген шеберлердің қатысуымен шекарадан асып, халықаралық мәртебеге ие болды.
Фестиваль кең ауқымда ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен мерекеге айналды. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері мен ұлттық бұйымдарына арналған шарада Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарынан және Ресей Федерациясынан келген 130-дан астам қолөнер шеберлері бас қосты.
Этнофестиваль аясында түрлі шеберлік сағаттары мен көне қолөнер техникасының көрсетілімдері ұйымдастырылды.
Қолдан жасалған бұйымдар жәрмеңкесі, фольклорлық ансамбльдердің өнері, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар – барлығы ата-баба мұрасын дәріптеу мен ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
Фестиваль шеңберінде ұсынылған бұйымдар бірегейлігімен, сапасымен және қолжетімді бағаларымен де ерекшеленді. Бұл – тек мереке ғана емес, сонымен қатар, шеберлер еңбегін қолдау мен ұлттық мұраны ұлықтауға бағытталған маңызды мәдени оқиға.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Елімізде жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 20%-ға азайды

ІІМ мәліметінше, жол апатынан қаза тапқандар саны 20%-ға, жарақат алғандар саны 7%-ға азайған. Қоғамдық орындардағы…

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты. Апат кезінде автобуста 48 адам болған, 8…

АҚШ-та 64 жастағы әйел қызы мен төрт немересін улап өлтірді

АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Механиквилл қаласында 64 жастағы әйел өзін, қызын және төрт немересін улап өлтірді.…