Путин Қазақстанға келді: екі елдің бас қосуы не береді?

Сурет: aqorda_resmi

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Ақорданың баспасөз қызметі бұл сапардың екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сапар аясында Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арасында келіссөздер өтеді. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты талқылайды.

«Біздің елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Бұл сапар – достық пен өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа кезеңі», – деді Қазақстан президенті.

Путиннің сапары Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған. Екі ел соңғы жылдары сауда айналымын арттырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық…

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…