Categories Қаржы

Ұлттық банк терминдерді біріздендіріп, құжаттардағы «теңге» жазылуын өзгертеді

Сурет: Ерлан ОМАР/ Egemen.kz

Ұлттық банк валюталық реттеу, сыртқы сектор статистикасы және бухгалтерлік есеп салаларына қатысты бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Ұсынылған жобаға сәйкес, ресми құжаттардағы кейбір терминдер жаңартылады. Атап айтқанда, орыс тіліндегі мәтіндерде қолданылатын «тенге» сөзі енді қазақ тілінің нормасына сәйкес «теңге» түрінде жазылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ құжаттарда «шетелдік» термині «шетелдік азамат» деп өзгертіледі. Ал «ақпараттық жүйелер» тіркесі «цифрлық жүйелер» атауымен ауыстырылады.

Ұлттық банктің мәліметінше, түзетулер Қазақстан Конституциясы мен Цифрлық кодекс талаптарына сәйкестендіру мақсатында әзірленген. Сонымен қатар құқықтық және тілдік бірізділікті қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Жоспар бойынша өзгерістердің басым бөлігі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Ал Цифрлық кодекске қатысты нормалар 12 шілдеден бастап қолданыла бастайды.

Бұл ретте ұлттық валютаның атауы өзгермейді. Тек орыс тіліндегі ресми құжаттарда оның жазылуы «тенге» емес, «теңге» болып бекітіледі. Жаңа талап тек жаңадан қабылданатын құжаттарға қатысты болады, бұрынғы нормативтік актілер қайта қаралмайды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда 100 млн еуродан асатын сутегі өндіру жобасы іске асырылады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Air Liquide, Wabtec және Alstom компанияларының басшыларымен кездесіп, Қазақстандағы инвестициялық…

Денсаулық сақтау министрлігі 2027 жылға дәрі-дәрмек сатып алуды мерзімінен бұрын бастады

Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай дистрибьютормен бірлесіп, 2027 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып…

Астанада Apple Store үлгісіндегі Smart Point цифрлық кеңсесі ашылды

Астанада Apple Store үлгісіндегі Smart Point цифрлық кеңсесі ашылды. Мұнда басты назар құжаттарды өз бетінше…