LRT іске қосылды: Алғашқы рейстер жолға шықты

Бүгін Қазақстан үшін тарихи күн: LRT желісі ресми түрде жолаушыларды қабылдай бастады. Бұл – елдегі ең ауқымды әрі көп талқыланған инфрақұрылымдық жобалардың бірі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы рейстер таңғы сағат 8:00-де басталды. Жолаушылар жаңа көлік түріне ерекше қызығушылық танытып, алғашқы күннің өзінде мыңдаған адам LRT-мен жүріп көрді.

«Біз бұл сәтті ұзақ күттік. LRT – қала тұрғындары үшін ыңғайлы әрі жылдам көлік болады деп сенеміз», – деді қала әкімінің орынбасары Нұрлан Серікқалиев.

Жоба жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайды. 18 станцияда тоқтайтын пойыздар әр 5-7 минут сайын жүреді. Билет бағасы – 100 теңге.

Алғашқы күні техникалық ақаулар тіркелген жоқ. Мамандардың айтуынша, бір ай бойы сынақ режимінде жұмыс істеп, кейін толық қуатына көшеді.

Ұқсас жазбалар

Синоптиктер 4-6 шілдеге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 4-6 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық…

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Елордада жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам жоғалып кеткен

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері Астанада әртүрлі жастағы азаматтардың із-түзсіз жоғалуына байланысты 3…