Тоқаев: Қазақстан цифрлық ел болу үшін нақты қадамдар жасап жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Түркия бизнес форумында цифрлық экономиканы дамытудың маңыздылығына тоқталды. Ол еліміздің нағыз цифрлық мемлекетке айналу үшін нақты қадамдар жасап жатқанын айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Форум барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын атап өтті. Оның айтуынша, цифрландыру – екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудың басты құралдарының бірі.

«Біз цифрлық экономиканы дамытуға басымдық береміз. Қазақстан нағыз цифрлық ел болу үшін нақты қадамдар жасап жатыр. Бұл – біздің стратегиялық мақсатымыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, елімізде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды форматқа көшірілген. Бұл – цифрлық трансформацияның айқын көрсеткіші. Сонымен қатар, жасанды интеллект пен үлкен деректерді басқару саласында да бірқатар жобалар іске асырылуда.

Түркиялық кәсіпкерлер қазақстандық цифрлық платформаларға ерекше қызығушылық танытуда. Екі тарап ақпараттық технологиялар саласында бірлескен стартаптар мен инновациялық жобаларды жүзеге асыруға келісті.

Ұқсас жазбалар

Пәкістанның солтүстігінде ірі мұздық опырылып, көшкін жүрді

Гилгит-Балтистан өңірінде тау беткейінен мұз, қар және тау жыныстарының қалың массасы төмен қарай сырғыған.

АҚШ-та аптап ыстықтан 25 адам қаза тапты

АҚШ-тың шығыс бөлігіндегі ыстық ауа массасы 20-дан астам штатта температураны +38°C-тан жоғары көтерді. The Guardian…

Мемлекет басшысы Тұңғыш Президентті туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оның тарихи миссиясын атап өтті.