Ақтөбелік жас футболшы көз жұмды 

«Ақтөбе» футбол клубы 15 жастағы ойыншысы Арон Мұсаның қайтыс болғанын хабарлады. Ол «Ақтөбе U-16» командасында қорғаушы болып ойнаған.

Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, қаза Аронның отбасына үлкен қайғы әкелді – футболшымен бірге әжесі мен немере ағасы да өмірден озған.

«Мұса әулетіне қайғыра көңіл айтамыз. Арон – команда үшін әрдайым үлгі болған, болашағынан үміт күттірген ойыншы еді», – делінген ресми хабарламада.

Жас таланттың қазасы спорт қауымдастығы мен жанкүйерлерді терең қайғыға салды.

сурет: орда.кз

Ұқсас жазбалар

Қазақстан ТМД елдері арасында ең тартымды мемлекет атанды

Қазақстан Immigration Index 2026 халықаралық рейтингінде ТМД елдері арасында көш бастады, 36,0 балл жинап, 53-орынға…

Мемлекет басшысы Қырғызстан парламентінің төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдап, екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылады.

Астана тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 8 жылға сотталды

ҰҚК мәліметінше, 2026 жылғы сәуір-мамыр айларында террористік және экстремистік қылмыстар үшін 13 адам сотталды. Олардың…