Categories Қоғам

Мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы конституциялық деңгейде бекітілді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді. Негізгі Заң қоғамның іргелі құндылықтарын айқындап, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітеді, мемлекеттік билікті ұйымдастыру негіздерін белгілейді және мемлекеттің одан әрі дамуының берік құқықтық тұғыры болып табылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа Конституция құқық үстемдігін нығайту мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін кеңейтудің жаңа кезеңін айқындайды. Маңызды өзгерістердің бірі – 15-бапта әркімнің мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген өзге де адамдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянның өтелуіне құқығының бекітілуі.

Аталған кепілдіктің Конституцияда бекітілуі азаматтардың құқықтарын қорғаудың ең жоғары құқықтық деңгейде қосымша негізге ие болғанын білдіреді. Зиянды өтеу құқығы заңнамалық кепілдік қана емес, адамның құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдігіне айналды. Әрбір азамат өзінің құқықтары мемлекеттің және оның өкілдерінің заңсыз шешімдері, әрекеттері немесе әрекетсіздігі салдарынан бұзылған жағдайда, келтірілген зиянның өтелуіне сенім арта алады.

Бұған дейін мұндай зиянды өтеу мәселелері негізінен салалық заңнамамен реттелетін. Енді бұл кепілдік ең жоғары конституциялық мәртебеге ие болып, мемлекеттің адам алдындағы жауапкершілігін айқындай түседі әрі бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге қосымша кепілдіктер береді. Конституция маңызды қағидатты бекітеді: мемлекет адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етіп қана қоймай, егер оның органдарының немесе лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерінен зиян келтірілсе, олардың бұзылуына да жауапты болады.

Аталған құқықтың конституциялық деңгейде бекітілуі құқық үстемдігі қағидатын нығайтудың маңызды тетігіне айналып, адам құқықтарын қорғау мен мемлекеттің жауапкершілігі қазіргі заманғы құқықтық жүйенің ажырамас бөлігі екенін тағы бір мәрте айқындайды.

Ұқсас жазбалар

Табиғатқа жанашырлық алғаш рет конституциялық міндетке айналды: еліміздің жаңа Ата Заңы күшіне енді

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ресми түрде күшіне енді. Бұл құжат мемлекет, қоғам және әрбір…

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді…

Мәди Такиев: Қаржы жүйесімен бірге мемлекеттік басқару тәсілі де өзгеріп жатыр

Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік қаржы жүйесінің жаңа моделі, бюджеттік тәртіп және цифрландыру туралы сұхбат…