Рудныйдың бұрынғы прокуроры Мұрат Оспанов 20 млн теңге пара ісі бойынша сотталды

Қостанайда Рудный қаласының экс-прокуроры Мұрат Оспановқа сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, ол құрылыс бөліміндегі тексерісті тоқтату үшін 20 миллион теңге көлемінде пара алуға оқталған.

Оспанов өз кінәсін толық мойындап, өкінген соң іс қысқартылған тәртіпте қаралды. Үш сот отырысынан кейін ол орташа қауіпсіздік мекемесінде 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды және «әділеттің аға кеңесшісі» шенінен айырылды.

Сот үкімін шығару кезінде айыпталушының жас балалары бар екені және кінәсін мойындап, шын өкінгені жеңілдетуші мән-жай ретінде ескерілді.

Айта кетейік, Рудный қаласының прокуроры Мұрат Оспанов биыл қыркүйекте ішкі қауіпсіздік қызметі мен ҰҚК департаментінің бірлескен операциясы кезінде ұсталған болатын.

Ұқсас жазбалар

Президент Қытай және Орталық Азия елдерінің ішкі істер министрлерін қабылдады

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер министрлерімен қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Тоқаев ақын Олжас Сүлейменовті 90 жасқа толуымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті 90 жасқа толуымен құттықтап, оның мәдениетке қосқан үлесін…

Африкада Эбола қайта өршіді: 88 адам көз жұмды

Африкада Эбола індеті қайта өршіп, 88 адам қаза тапты. ДДҰ вакцинацияны күшейтуде.