Categories Жайық news

БҚО-да мал шаруашылығы өсуде: инвестициялар мен өндіріс артты  

Бұл туралы БҚО әкімі Нариман Төреғалиев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында баяндады.

БҚО-да жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 64%-ға жуығы мал шаруашылығы саласына тиесілі. Мал басы тұрақты өсіп келеді.

Қазіргі таңда ірі қара мен жылқы саны 1990 жылдардағы ең үздік көрсеткіштерден асып түсті.

Бүгінде ұсақ мал – 1,9 млн, ірі қара – 1,1 млн, жылқы – 361 мыңнан астам, түйе – 3 мың бас.

Соның нәтижесінде БҚО етті, сүтті және асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша республиканың ірі өңірлерінің біріне айналды.

Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріміз көршілес облыстарға ет өнімдерін жеткізуде.

Соңғы екі жылда мемлекет тарапынан облыстың ауыл шаруашылығына 114 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Өткен жылы жалпы 15,4 млрд теңгеге 11 инвестициялық жоба табысты жүзеге асырылып, 138 жаңа жұмыс орны құрылды.

Агроөнеркәсіп кешені бойынша алдағы үш жылға жалпы сомасы 66,4 миллиард теңгені құрайтын 49 ірі инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды.

Бұл жобалар 790-нан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

-Біз импортты алмастыруға, әсіресе сүт өнімдеріне баса назар аударамыз. Ағымдағы жылға жоспарланған 20,4 млрд теңгені құрайтын 23 жобаның бүгінгі күні 2,8 млрд теңгенің 3 жобасы жүзеге асырылды,-деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында.

Ұқсас жазбалар

A mesmerizing aerial perspective of a snowy winter forest with a winding path.

Күн райы құбылады: Елордада -27°С аяз, Шымкентте +13°С жылы болады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Астанада -27 градусқа дейін аяз болса,…

Кентаудағы жантүршігерлік жарылыс: Денесін 90% күйік шалған жігіт көз жұмды

Кентаудағы дәмханада болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды. Денесінің 90%-ын күйік шалған…

«Бәрі жоспарланған»: Атырауда жоғалған отбасы Өзбекстаннан табылуы мүмкін

Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасы Өзбекстанға асқан болуы мүмкін. Туыстары олардың бұл әрекетті…