Categories Әлем

Трамп Иранға ультиматум қойды: «Берілмесең, соғыс бастаймын»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатаң талап қойды. Ол Тегеранның жеңілгенін мойындап, қарусыздануын талап етті. Әйтпесе, жақын күндері соғыс қимылын бастайтынын ескертті.

Трамп бұл мәлімдемені өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады. Онда ол Иран армиясы қаруын тастап, Тегераннан кетуі керек деп мәлімдеді. Сондай-ақ ел билігі жеңілгендігін құжаттап тізе бүгуге тиіс, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Егер Иран берілгендігін мойындамаса, біз жақын күндері соғыс қимылын жүргіземіз», — деді АҚШ президенті.

Бұл — Трамптың Иранға қатысты ең қатаң мәлімдемелерінің бірі. АҚШ әкімшілігі бұған дейін де Тегеранды ядролық бағдарламасын тоқтатуға шақырған еді. Алайда қазіргі ультиматум әскери күш қолдану қаупін тікелей көрсетіп тұр.

Иран тарапы әзірге ресми түрде жауап берген жоқ. Сарапшылар бұл жағдай Таяу Шығыстағы жаңа қақтығысқа алып келуі мүмкін деп ескертеді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан іздеу жариялаған 80 адам шетелде анықталды

Ішкі істер министрлігі шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қылмыстық жауапкершіліктен қашып жүрген адамдарды табу және…

Астанада III архившілер конгресі басталды

Астанада «Digital Archive EXPO» III архившілер конгресі өтіп жатыр. Үш күнге созылатын жиынға әлемнің 30…

Түркістанда түркі мемлекеттерінің білім министрлерінің ІХ отырысы өтті

Бүгін Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің білім министрлерінің ІХ отырысы өтті.