Елде көмір бағасының қымбаттауына үш олигархтың компаниясы себеп болды – Жоғарғы сот шешімі

Қазақстандағы ең ірі көмір өндіруші компаниялардың бірі — «Қаражыра» АҚ халыққа көмірді қымбат бағамен сатқан. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) жүргізген тергеу мен Жоғарғы соттың шешімінде айтылды, деп хабарлайды ZhaiyqMedia.kz.

Жоғарғы сот Қаражыраның үстемдік жағдайын теріс пайдаланғанын растады

БҚДА тергеу барысында «Қаражыра» АҚ-ның тұрмыстық-коммуналдық қажеттіліктер үшін сатылатын көмірге монополиялық жоғары баға қойғанын анықтады. Агенттік сарапшылары бұл әрекетті компанияның нарықтағы үстемдігін теріс пайдалану ретінде бағалады.

Алайда компания тергеудің заңдылығына күмән келтіріп, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 216-бабына сүйене отырып, БҚДА-ның әрекетіне қарсы шағымданды. Соған қарамастан, Жоғарғы сот агенттік дәлелдерін орынды деп танып, «Қаражыра» АҚ-ның көмір нарығында монополиялық жағдайға ие екенін ресми түрде растады.

«Қаражыра» компаниясы туралы не білеміз?

«Қаражыра» АҚ — Қазақстандағы ең ірі көмір компанияларының бірі. Ол Абай облысындағы Қаражыра көмір кен орнында жұмыс істейді. Forbes.kz деректері бойынша, 2023 жылы компания 7,9 млн тонна көмір өндірген.

Негізгі акционерлер:

  • Эдуард Огай — 20,1% (капиталы $761 млн, Forbes Kazakhstan)

  • Владимир Джуманбаев — 20% (капиталы $472 млн)

  • Ерлан Нигматулин — 10%

  • Владислав Огай — 24,95%

  • Элина Огай — 24,95%

Қаржылық көрсеткіштер:

Kursiv.media мәліметі бойынша:

  • 2023 жылғы таза пайда — 3,1 млрд теңге

  • 2022 жылғы таза пайда — 9,3 млрд теңге

  • 2023 жылғы кірістер — 58,4 млрд теңге

  • Жалпы активтер — 67,8 млрд теңге

Компания өнімінің 77,2%-ын ішкі нарыққа, ал 22,7%-ын экспортқа шығарады. Негізгі экспорт бағыттары — Қырғызстан (15,9%) және Ресей (6,5%).

Ұқсас жазбалар

Синоптиктер 4-6 шілдеге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 4-6 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық…

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Елордада жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам жоғалып кеткен

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері Астанада әртүрлі жастағы азаматтардың із-түзсіз жоғалуына байланысты 3…