Categories Спорт

АҚШ Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Сурет: Reuters

Әлем чемпионатының 1/16 финалында АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Левайс» стадионында өтті. Есепті ойынның 45-минутында америкалық шабуылшы Фоларин Балогун ашты. Алайда екінші таймның ортасында ол өрескел ойыны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Ойыншы санының аздығына қарамастан АҚШ құрамасы тағы бір гол соғып, жеңіске жақындай түсті. 82-минутта Малик Тилльман айып добын қақпаға дәл бағыттап, мүмкіндікті мүлт жібермеді.

Айта кетейік, кездесуде Фоларин Балогун мен АҚШ құрамасының капитаны Кристиан Пулишичтің соққан тағы екі добы офсайдқа байланысты есепке алынған жоқ.

Осылайша, АҚШ құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Келесі кезеңде америкалықтар Сененгалды 3:2 есебімен жеңген Бельгия құрамасымен кездеседі.

Ұқсас жазбалар

Азия чемпионатында қазақ балуан қыздары бес медаль жеңіп алды

Таиландтың Паттайя қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық балуан қыздары 2 күміс және 3 қола медаль…

Пиренейлік қос команда келесі кезеңге өтті

Испания мен Аустрия арасындағы матчта испандықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Португалия Хорватияны 2:1 есебімен ұтты.…

Аргентина құрамасы қосымша уақыттағы автоголмен 1/8 финалға шықты

Аргентина құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Кабо-Верде командасын 3:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.