БҚО-дағы Киров су қоймасы алғаш рет 58 жылдан кейін жаңғыртылуда

Киров су қоймасы 58 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды ZhaiyqMedia.

💧 Батыс Қазақстан облысындағы стратегиялық нысан жаңғыртылуда

1967 жылы пайдалануға берілген Киров су қоймасы бүгінде алғаш рет кешенді жөндеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті.

Көшім су каналының ұзындығы 4 шақырымнан асатын бөлігі толық жөнделсе, су қоймасы бөгетінің 84%-ы, яғни шамамен 1,5 шақырым бөлігі қайта жаңартылған.

🔧 Қайта жаңғырту жұмыстарының қазіргі ахуалы:

  • Су жіберу каналы – 69% орындалды

  • Первомай магистральды каналы – 66% орындалды

  • Бақылау-өткізу бекеттері мен электр жүйелері – 80% аяқталған

Жыл соңына дейін барлық жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

🚜 Жобаның маңызы неде?

Жаңғырту нәтижесінде:

  • Су қоймасының сыйымдылығы артады

  • Су жеткізу тұрақтылығы жақсарады

  • 12 мың гектардан астам егістік алқапты суаруға мүмкіндік береді

Киров су қоймасы – Урал–Көшім суару-суландыру жүйесінің маңызды бөлігі. Қойманың қазіргі сыйымдылығы – 62,9 млн текше метр.

🏗️ Ұлттық деңгейдегі қайта жаңарту жоспары

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановтың айтуынша, бұл жұмыс ел бойынша 37 су қоймасын жаңғырту жоспарының бір бөлігі.

«Былтыр Ақтөбе су қоймасы 36 жылдан кейін жөндеуден өтті. Қазір Түркістан облысындағы Қапшағай су қоймасында да жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді вице-министр.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда шенеуніктерге арналған жаңа мессенджер жасалады: Ол қандай болады?

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге арналған Alem GovWorkspace атты жаңа мессенджер жасалады. Ол қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз…

Жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер 50% жеңілдіктен айырылуы мүмкін

Сенатор Марат Қожаев жол ережесін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігінен айыруды…

Астанада қалың қар жауып, бір түнде 45 жол апаты тіркелді

Астанада 5 ақпан күні кешке жауған қалың қардың салдарынан бірнеше сағат ішінде 45 жол-көлік оқиғасы…