Categories Әлем

Британияда екі жолаушы пойызы соқтығысып, бір адам қаза тапты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ұлыбританияда екі жолаушы пойызы соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды. Апат Бедфорд қаласы маңындағы теміржолда болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғадан 89 жолаушы жараланды, оның екеуінің жағдайы өте ауыр. Алдын ала мәлімет бойынша, бірінші пойыз қауіпсіздік жүйесінің істен шығуына байланысты тоқтап қалған, ал артынан келе жатқан екінші пойыз оған соғылған. Соққыдан бір вагон рельстен шығып кетті.

Оқиға орнында полиция, өрт сөндірушілер, 20 жедел жәрдем тобы мен санавиация жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Францияда аптап ыстықтан бір аптада 2 мыңнан астам адам қайтыс болды

Францияда 22-28 маусым аралығында аптап ыстық салдарынан 2 мыңнан астам адам көз жұмды. Бұл туралы…

Португалияда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Португалияда аптап ыстыққа байланысты қызыл деңгейдегі дабыл жарияланды. Елдің 12 округінде жоғары дайындық режимі жексенбі…

Германияда аурухана өрті: екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды

Германиядағы аурухана өртінен екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды. Өрт радиология бөлімшесінің шатырында…