Categories Жайық news

«Асылып өлгім келді»: Әскерде жағы сынған сарбаздың жүрекке бататын хаты жарияланды

Отардағы әскери бөлімде соққыға жығылып, жағы сынған сарбаз Есбол Қапардың жақындарына жолдаған хаттары әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Видеода сарбаздың өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы жазбасы көрсетілген. Ол қатты психологиялық күйзеліске ұшырап, ауыр ойларға берілгенін ашық айтады.

«Асылып өлгім келді. Үйден жіп іздеп таппадым. Жаным қатты қиналды. Пакеттерді байлап көрдім, бірақ үзіліп кетті», – делінген сарбаздың хатында.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Белгілі тележурналист Гүлмира Әбіқай да бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесіне күмән келтірді.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл екі сарбаз арасындағы кикілжіңнен туындаған, ал сержанттың қатысы жоқ. Екінші сарбаз кінәсін мойындаған. Алайда, журналистің айтуынша, жәбірленуші сарбаз нақты адамдардың аты-жөнін атап отыр.

«Дәл осы күні бөлімдегі бейнебақылау камералары істен шыққан. Жастар Отан қорғаймын деп жүріп, мұндай жағдайға тап болмауы тиіс. Жағы сынғаннан гөрі, олардың сағы сынғаны қорқынышты», – деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Қазіргі уақытта ресми органдар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…