Categories Жайық news

«33 жолаушысы бар автобус жүк көлігіне соғылды»: Қарағандыдағы жол апатынан бір адам көз жұмды

Қарағанды облысында жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты және үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 21 наурыз күні «Астана – Алматы» тасжолында, Сарышаған кентінің маңында болған. Рейстік автобустың 49 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тоқтап тұрған Volvo маркалы ауыр жүк көлігіне соғылған. Сол сәтте автобус салонында 33 жолаушы болғаны анықталды.

Жол апаты салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полиция департаменті жүргізушілерге демалыс режимін қатаң сақтап, жолда өте мұқият болу қажеттігін ескертті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада едені тесік автобус жүргізушісі жолаушылар тасымалдаған

Астана тұрғыны жолаушылар автобусының еденіндегі тесікті байқап, бейнежазбаны Threads әлеуметтік желісінде жариялады.

БҚО-да «Ұлы өнердің ұлы арнасы» атты республикалық байқау өтті.

Қасиетті домбыраның үнімен дүйім жұртты тәнті еткен республикалық домбырашылар байқауының күй астанасы ауданымызда өткені мерейімізді…

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…