Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген нысандардың 72 пайызында терроризмге қарсы қорғалу деңгейі талаптарға сай болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

736 объектіде заңбұзушылықтар анықталып, басшыларға кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді. 3,2 мыңнан астам басшы мен меншік иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамағаны үшін 263 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 118 миллион теңгеден асты, делінген хабарламада.

Сонымен қатар 48 нұсқаулыққа ревизия жүргізіліп, объектілерді күзету талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Ұқсас жазбалар

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…

3 шілдеде Астананың үш ауданында электр жарығы уақытша өшеді

3 шілдеде Астананың Алматы, Нұра және Сарыарқа аудандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы уақытша…