Categories Әлем

Әзербайжан жағалауында Каспий теңізіне мұнай төгілді

Сурет: 1news.az

19 маусым күні Әзербайжанның Дюбенди жағажайы маңында мұнай төгілгені хабарланды. Бұл туралы Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тікұшақпен барлау кезінде Пираллаха аралы мен Дюбенди жағалауы арасындағы су айдынында мұнай дағы анықталған. Диагностикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша ластану көзі «Азнефть» өндірістік бірлестігіне тиесілі суасты мұнай құбырларының бірі екені анықталды.

Мұнайдың ағып кету орны табылғаннан кейін аталған құбыр арқылы мұнай тасымалдау дереу тоқтатылды. «Азнефть» тарапынан жедел штаб құрылып, жағдай бақылауға алынды.

Сондай-ақ бірлестіктің сүңгуірлер қызметі жүргізген тексеру нәтижесінде суасты мұнай құбырында механикалық зақымданулар анықталған. Бұл зақымданулар болжам бойынша якорьмен (зәкірмен) жанасу салдарынан пайда болған.

Зақым анықталғаннан кейін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары дереу басталды. Олар аяқталғанға дейін зақымданған құбырды пайдалану тоқтатылды, бұл теңізге мұнайдың одан әрі ағуын болдырмауды көздейді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан бала құқығы жөнінен әлемдік рейтингте үздік 25 елдің қатарына енді

Қазақстан балалар құқықтарын бағалайтын KidsRights 2026 жаһандық индексінде 24-орынға тұрақтады. Ел 0,797 балл жинап, балалар…

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболла» нысанын жойды

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі Мадждаль-Зун ауылында әскери операция жүргізіп, «Хезболла» қозғалысына тиесілі жерасты инфрақұрылымын жойды.

Полиция ескертеді: көшедегі күмәнді QR-кодтардан сақ болыңыз

Полиция азаматтарды көшедегі күмәнді QR-кодтардан сақ болуға шақырады. Алаяқтар жалған QR-кодтар арқылы жеке деректерді ұрлайды.