Categories Жайық news

Мобильді ақша аударымдары үшін жақындарыңызбен бірге банкке шақырылуыңыз мүмкін

2025 жылдың соңында Ұлттық банк мобильді аударымдарға қатысты жаңа қауіпсіздік бастамасын ұсынды. Ресми мәліметке сәйкес, банктер енді күмән тудыратын аударымдарды 24 сағатқа дейін тоқтата алады.

Бұл шара – алаяқтардың құрбанына айналған азаматтардың ақшасын қорғауға бағытталған. Жаңа ереже әсіресе эмоционалдық күйзеліс кезінде жасалатын асығыс шешімдердің алдын алуға көмектеседі.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, егер клиент банк тарапынан алдын ала ескертілсе де, қысыммен ақша аударуға әрекет жасаса, банк бұл операцияны уақытша тоқтатып, клиентті бөлімшеге шақыруға құқылы. Сонымен қатар, азаматпен бірге жақын туысы да келіп, оның шешімінің саналы екенін растауы қажет болады.

Бұл тәсіл азаматтарға алған шешімдерін санаға салып бағалауға мүмкіндік береді және туыстардың қатысуы арқылы алаяқтардың ықпалын төмендетеді.

Қандай мобильді аударымдар бақылауға алынады?

Сонымен бірге, Ұлттық банк жеке тұлғалар арасындағы жиі аударымдарды да басты назарда ұстамақ. Яғни, егер бір адамға ай сайын ондаған түрлі адамнан үздіксіз ақша түсіп отырса, банк бұл әрекеттерді күмәнді деп бағалап, қосымша тексеріс жүргізуі мүмкін.

Мысалы, үш ай қатарынан 100-ден астам адамнан аударым алынса, банк транзакциялардың мақсатын түсіндіруді талап етуі ықтимал. Мұнда маңыздысы – салық органдары төлем түсіндірмелеріне тікелей қол жеткізе алмайды, ал банк ондай мәліметтерді көреді және күмәнділікке бірінші болып баға береді.

Алаңдамауға болатын аударымдар қандай?

Қарапайым – өз шотыңыздан депозитке немесе кері бағытта орындалатын операциялар күдік тудырмайды. Бұл жағдайлар кәсіпкерлік қызмет ретінде қарастырылмайды, сондықтан қосымша бақылауға алынбайды.

Ал жиі және белгісіз мақсатта орындалған аударымдар – банк назарындағы басты мәселе. Сондықтан, ақша қабылдағанда түсіндірме жолын міндетті түрде көрсетіп отыру маңызды. Бұл – сіздің заң аясында әрекет етіп жатқаныңызды растаудың қарапайым амалы.

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…