Categories Қаржы

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Emirates SkyCargo жүк тасымалы компаниясы 2026 жылдың 16 маусымында Дубай – Алматы бағыты бойынша Boeing 777F ұшағымен алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алматы халықаралық әуежайы алғашқы жүк рейсін авиациядағы дәстүрлі су доғасымен қарсы алды. Қызметкерлер экипаж мүшелерін салтанатты түрде күтіп алып, тұсаукесер рәсімін өткізді.

Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша апталық жүк рейстері әр сейсенбі күні орындалады. Әуе компания аптасына 100 тоннадан астам жүк тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл Алматы мен халықаралық нарықта электроника, тез бұзылатын өнімдер, өнеркәсіптік жабдықтар және басқа да тұтыну тауарларын қоса алғанда, әртүрлі жүк түрлерін тиімді әрі үздіксіз тасымалдауға мүмкіндік береді.

Алматы халықаралық әуежайы Emirates SkyCargo компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы бағытына айналды. Жаңа жүк бағытының іске қосылуы Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, Орталық Азия, Таяу Шығыс және әлемнің басқа өңірлері арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайтады.

Ұқсас жазбалар

Несие төлемін жеңілдететін жаңа жүйе іске қосылды

1 шілдеден бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Бірінші кредиттік бюро Finkelisim.kz платформасын…

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін бағалайтын Gender Index платформасы әзірленеді

Қазақстанда әйелдердің экономикадағы рөлін бағалауға арналған Gender Index аналитикалық платформасы әзірленбек. Бұл мемлекеттік саясатты жетілдіруге…

«Халық бухгалтері» акциясы 60 мың кәсіпкерге тегін көмек көрсетті

Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлік ұйымдармен бірлесіп, 2026 жылдың 5 қаңтары мен 30 маусымы аралығында өткен…